Материалы за Май 2026 года » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Семей қаласында «Daryn Robotics Cup - 2026» республикалық турнирі өткізілді
14
май
2026
Семей қаласында «Daryn Robotics Cup - 2026» республикалық турнирі
Семей қаласында «Daryn Robotics Cup - 2026» республикалық турнирі өткізілді. Шара Абай облысының білім басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы және «U-STEM Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен өткізілді. 22 мектеп-лицейінің «Алаш» командасы «ROBOT DESIGN AWARD WINNER» номинациясымен марапатталды. Жетекшілер Тайтулеуова Г.С. Тлекенова А.М Құттықтаймыз🏆
10 “А” сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Геологиялық барлау колледжі ұйымдастырылған танымдық жиналыс өтті. Оқушылар геология саласының қыр-сырымен танысты.
14
май
2026
10 “А” сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Геологиялық
10 “А” сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Геологиялық барлау колледжі ұйымдастырылған танымдық жиналыс өтті. Оқушылар геология саласының қыр-сырымен танысты. Осындай кәсіби бағдар беру шаралары жас ұрпақтың өз болашағын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар береді. #геологиялықбарлауколледжі #адалазамат #кәсібибағдарберу
"Daryn Robotics Cup 2026" республикалық турнирі
14
май
2026
"Daryn Robotics Cup 2026" республикалық турнирі
"Daryn Robotics Cup 2026" республикалық турнирі, FIRST LEGO League Explore санаты бойынша "Артефакт зертеушілер" тобы, 3-4 сынып оқушылары Сакен Нұрсұлтан, Қалибек Асанәли, Арыстанбеков Ақжан «Артефактарды зерттеу және ата-бабалар мұрасын STEM арқылы байланыстыру» тақырыбымен қатысты. Мақсаты: Балалар өз аймағындағы тарихи артефактар мен мәдени мұраларды зерттеп, оларды LEGO арқылы STEM тұрғысынан бейнелеуді үйренеді. Жетекшілері: Әміреева С.Е. Тусупханова А.К. Құттықтаймыз!🏅🏅🏅🏅
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
14
май
2026
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дамуына кедергі келтіретін үлкен мәселе. Ол әділдікке сенімді азайтып, білім мен еңбектің қадірін түсіреді. Болашақ — адал ұрпақтың қолында! Мектептен бастап: ✅ Адал болуды ✅ Әділ шешім қабылдауды ✅ Жауапкершілікті сезінуді үйренуіміз керек. Әрқайсымыз заңды құрметтеп, парақорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырсақ, еліміздің болашағы жарқын болады 🇰🇿 Адалдық — ең үлкен құндылық! #СыбайласЖемқорлыққаЖолЖоқ #АдалҰрпақ #ТазаҚоғам #Әділдік
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Байсеитов атындағы финанс және экономикалық жоғары колледжіне экскурсия ұйымдастырылды.
13
май
2026
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Байсеитов атындағы
13.05.2026 күні 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Байсеитов атындағы финанс және экономикалық жоғары колледжіне экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар оқу орнының материалдық базасымен танысып, мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Кездесу барысында колледж мамандары болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара оқушылардың болашаққа деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағыт-бағдар алуына мүмкіндік берді.
8"А" сынып оқушылары геологиялық барлау колледжіне барып мамандықтар туралы ақпарат, мағлұмат алып қайтты.
13
май
2026
8"А" сынып оқушылары геологиялық барлау колледжіне барып мамандықтар
13.05.2026ж профориентациялық бағыт негізінде 8"А" сынып оқушылары геологиялық барлау колледжіне барып мамандықтар туралы ақпарат, мағлұмат алып қайтты. Колледждағы мамандықтарға балалар үлкен қызығушылық танытты. Сынып жетекшісі: Габдуллина А.А.
“Abadan” спорт академиясының республикалық турнирінде 48кг салмақ дәрежесінде І орын алғаны үшін Қабдеш Адай марапатталады.
13
май
2026
“Abadan” спорт академиясының республикалық турнирінде 48кг салмақ
Еркін күрестен 2013, 2014, 2015, 2016, 2017ж.т кіші жасөспірімдер арасындағы КСРО-ның ХДСШ ҚР спорт қайраткері М.Ю.Абдул- Муслимов пен КСРО-ның СШ Д.Т. Бачиевты еске алуға арналған “Abadan” спорт академиясының республикалық турнирінде 48кг салмақ дәрежесінде І орын алғаны үшін Қабдеш Адай марапатталады. Құттықтаймыз!!!
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау тренингі.
13
май
2026
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау тренингі.
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау тренингі. Мақсаты – бітіруші түлектердің психологиялық көңіл-күйін көтеру, эмоционалдық қолдау көрсету, сенімділігін арттыру және емтихан алдындағы қобалжуды төмендету