Әдістемелік іс-шаралар » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Әдеп комиссия мүшелері мен жас мамандар арасында «Педагогикалық этика: Мұғалімнің кәсіби келбеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
28
апрель
2026
Әдеп комиссия мүшелері мен жас мамандар арасында «Педагогикалық
Әдеп комиссия мүшелері мен жас мамандар арасында «Педагогикалық этика: Мұғалімнің кәсіби келбеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында ұстаздың кәсіби мәдениеті, сыртқы келбеті, сөйлеу әдебі және педагогикалық қарым-қатынастың маңызы кеңінен талқыланды. Жас мамандар өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасып, құнды ойлармен бөлісті. Ұстаздың келбеті – оның ішкі мәдениетінің көрінісі. Әрбір сөз, әрбір әрекет – шәкіртке үлгі. Осындай кездесулер жас педагогтардың кәсіби
«Үздік педагог – 2026» мектепішілік байқауы
17
апрель
2026
«Үздік педагог – 2026» мектепішілік байқауы
Мектеп-лицейімізде педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру және озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында дәстүрлі «Үздік педагог – 2026» мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, инновациялық идеялар мен құндылыққа негізделген оқыту үлгілерін қолдау және тарату. Сондай-ақ, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу. Байқаудың міндеттері: • Оқытудың заманауи
«Жас маман – жас қадам» атты апталығы аясында “Smart Time” интеллектуалдық сайысы өтті.
15
апрель
2026
«Жас маман – жас қадам» атты апталығы аясында “Smart Time”
14.04.2026 күні Жас мамандардың «Жас маман – жас қадам» атты апталығы аясында “Smart Time” интеллектуалдық сайысы өтті. Сайысқа 7 сынып оқушылары қатысып өзара мықтыны анықтады. Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, белсенділік танытты. Әр кезең ерекше қызығушылықпен өтіп, тартысты әрі көңілді атмосфера қалыптасты. Өткізген педагог- профориентолог: Саматұлы Талант
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті
15
апрель
2026
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды
Бүгін мектебімізде «Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігін терең түсіндіру болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдады. Арнайы келген құрметті қонақтарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы құнды мағлұматтар ұсынды.
«Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
13
апрель
2026
«Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
13.04.2026 ж. мектебімізде «Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында жас ұстаздардың шығармашылығы, тың идеялары мен жаңашыл бастамалары көрініс тапты. Апталықтың басты мақсаты – жас мамандарға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және кәсіби дамуына серпін беру. Алдағы күндері жас мамандарымыз ашық сабақтар, креативті іс-шаралар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. 📚✨ Жас мамандарға сәттілік тілейміз! #ЖасМаман #Апталық #Білім
Мектепішілік бірлестіктің бір күні аясында МИФ бірлестігі
10
апрель
2026
Мектепішілік бірлестіктің бір күні аясында МИФ бірлестігі
Мектепішілік бірлестіктің бір күні аясында МИФ бірлестігі «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбын ашу мақсатында «Жүрек қалауым» атты қысқаметражды фильм ұсынды.
Іс-әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу (Lesson Study)
30
март
2026
Іс-әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу (Lesson Study)
Іс-әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу (Lesson Study): білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі бойынша облыстық конференцияда бастауыш сыныптар бойынша екі зерттеу тобы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.
STEAM жобасы
27
март
2026
STEAM жобасы
Тақырыбы:Сызбаларыңызды машинамен қайталаңыз тақырыбында жасалған STEAM жобасын дайындаған 3 сынып оқушылары: 3 "А" сынып Раис Али. 3 “Ә”сынып Серікболова Нұрдана 3 “Б”сынып Сейлғазы Әлижан 3 “В”сынып Азамат Нұрислам Сынып жетекшілері: Кулмухаметова Г.Б Сеилханова М.З Калиева Ш.Т Жунусбекова Б.О
Steam жобасы
26
март
2026
Steam жобасы
2Ә сынып оқушылары Кадрбек Батыр мен Сагадиева Айша көктемгі демалысты тиімді пайдаланып, Steam жобасы арқылы қол жетімді заттардан «Ауыр жүк көтергіш» кран жасады. Кран жасай отырып, әр түрлі заттарды салмағына қарай жоғары-төмен көтеру кезінде жұмсалатын күштің әр түрлі болатындығына көз жеткізді Сынып жетекшісі: А. Б. Оразгалиева
STEM жобасы
26
март
2026
STEM жобасы
2"В" сынып оқушысы Курманов Алишер. STEM жобасы: "Жүр көтергіш кран" тақырыбында көктемгі демалысты тиімді пайдаланып, анасының көмегімен жобаның толық мақсатына жетті. Сынып жетекшісі: А.С.Жағыпарова.