«Үздік педагог – 2026» мектепішілік байқауы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
17
апрель
2026

«Үздік педагог – 2026» мектепішілік байқауы

Мектеп-лицейімізде педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру және озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында дәстүрлі «Үздік педагог – 2026» мектепішілік байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты:
Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, инновациялық идеялар мен құндылыққа негізделген оқыту үлгілерін қолдау және тарату. Сондай-ақ, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу.
Байқаудың міндеттері:
• Оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгерген шығармашыл педагогтерді анықтау;
• Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын ынталандыру;
• Озық педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау және мектеп қауымдастығына тарату.
Байқау екі негізгі кезеңнен тұрды. Бірінші «Педагог портреті» кезеңінде қатысушылар өздерінің кәсіби ұстанымы мен инновациялық әдістерін бейнеролик арқылы таныстырса, екінші «Шеберлік алаңы» кезеңінде ашық сабақтар мен педагогикалық шешімдерін ұсынды.
Ұлағатты ұстаздарымыздың кәсіби жолындағы ізденістеріне сәттілік тілейміз! Білім беру саласындағы биік белестерді бірге бағындырайық.