25
май
2026
“Балалықтан болашаққа” бағытындағы “Сәтті сапар – 2026” атты оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара ерекше сән-салтанатпен, көтеріңкі көңіл күйде және жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

“Балалықтан болашаққа” бағытындағы “Сәтті сапар – 2026” атты оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара ерекше сән-салтанатпен, көтеріңкі көңіл күйде және жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Мерекелік шараға ардақты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері қатысып, жас түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады.
Биыл мектебіміздің 11 “А”, 11 “Ә”, 11 “Б” сыныптарының оқушылары алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты. Жалпы саны 70 түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Оның ішінде 6 оқушы “Алтын белгі” иегеріне, 2 оқушы оқу озаты ретінде үздік аттестатқа үміткер.
Салтанатты шара барысында түлектерге ақ жол тіленіп, олардың болашақта ел мақтанышы болатын азамат болып қалыптасуына сенім білдірілді. Ұстаздарға алғыс айтылып, ата-аналардың ыстық ықыласы мен ақ тілектері мерекенің мәнін одан әрі айшықтай түсті. Бұл күн – түлектер үшін ұмытылмас естелікке толы, жаңа өмірге бастар жарқын қадам болған ерекше мереке болды.
