Іс-шаралар » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Бүгін мектеп-лицейімізде «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» облыстық эссе байқауы өтті.
15
май
2026
Бүгін мектеп-лицейімізде «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» облыстық
Бүгін мектеп-лицейімізде «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» облыстық эссе байқауы өтті. Білім мен білік сынға түскен тағылымды шарада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық қабілеттерін танытты. Ұстаз – ұрпақ жүрегіне білім нәрін себетін шамшырақ. Осындай игі шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, рухани байланысын нығайта түседі. Барша қатысушыларға шығармашылық табыс, шабыт пен толағай жетістіктер тілейміз!
Бүгін дәстүрлі түрде өткізілетін «Зерделі зейін» жобасы аясында «Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейхан» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
15
май
2026
Бүгін дәстүрлі түрде өткізілетін «Зерделі зейін» жобасы аясында «Ұлт
Бүгін дәстүрлі түрде өткізілетін «Зерделі зейін» жобасы аясында «Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейхан» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар Әлихан Бөкейханның өмір жолы мен шығармашылығына байланысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, тарихи білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, ұлт көсемінің ұмытылмас қанатты сөздерін еске алып, ел тарихына, әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттырды. 📌 Сайыс қорытындысы бойынша: 🥇 І орын — 9 «Ә» сыныбы 🥈 ІІ орын — 8 «Б» сыныбы 🥉 ІІІ
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру мақсатын алға қойып, өз үлестерін қосты.
13
май
2026
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру мақсатын алға қойып, өз үлестерін қосты. Біз мектептен тек білім ғана алған жоқпыз, өмір сүруді үйрендік. Кейбір адамдар артында сөз қалдырады, кейбірі — естелік. Ал, біз - тамыр қалдырғымыз келді. Бәлкім, жылдар өте біз өзгерерміз. Бірақ осы ағаштар біздің жастығымызды ұмытпайды. Түлектер кетеді. Бірақ із қалады.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық сайыс өткізілді.
11
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық
Мектебімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери тәртіпке баулу және салауатты өмір салтын насихаттау. Сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өз күштерін сынады. Атап айтқанда, саптық дайындық, әскери эстафета және күш пен ептілікті қажет ететін тапсырмалар орындалды. Жарыс өте тартысты өтті. Қатысушылар ұйымшылдық танытып, жылдамдық пен төзімділіктерін
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектеп ұжымының ер азаматтарын мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
08
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектеп ұжымының ер азаматтарын
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектеп ұжымының ер азаматтарын мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектептің дамуына қосып жүрген еңбектері үшін ризашылығымызды, әрдайым абырой биігінен көріне берулеріне тілек білдіреміз!
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
08
май
2026
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, соғыс ардагерлерінің ерлігіне тағзым жасалды. Майданда қаза тапқан батырлар рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Іс-шара өте әсерлі әрі тағылымды өтті. Оқушылар батыр бабалардың ерлігін құрметтеп, бейбіт өмірдің қадірін терең сезінді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә” сынып оқушылары Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқу ордасына арнайы кездесуге барып қайтты.
06
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә”
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә” сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Қ., О. Жилкибаева , А. Жумаханова Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқу ордасына арнайы кездесуге барып қайтты. Кездесу барысында мектеп-лицей ұстаздары мен оқушылары саптық дайындық жұмыстарын көрсетіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, оқушыларымызға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, музейлерін тамашалау мүмкіндігі берілді.
Бүгін 11 «А» сынып оқушылары мектеп ауласын жасыл желекке бөлеп, тал егу шарасын өткізді
05
май
2026
Бүгін 11 «А» сынып оқушылары мектеп ауласын жасыл желекке бөлеп, тал
Бүгін 11 «А» сынып оқушылары мектеп ауласын жасыл желекке бөлеп, тал егу шарасын өткізді 🌱 Бұл – жай ғана ағаш отырғызу емес, бұл – болашаққа деген қамқорлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің белгісі. Әрбір отырғызылған тал – біздің үмітіміз бен арманымыздың тамыры тереңге жайылғандай әсер қалдырды. Бірге еңбек етіп, бір мақсатқа жұмылған сәттеріміз ерекше жылылық сыйлады. Ертең бұл талдар жайқалып өсіп, бізге бүгінгі еңбегімізді еске салып тұратыны сөзсіз 🌿 Табиғатты аялау –
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 21 Вперед