Халықтың ұлы ақыны — Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу
Халықтың ұлы ақыны — Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында мектебімізде дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар 5 кезең бойынша бақ сынасты: 1. «Абайдың асыл мұрасы» — ақын өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқу. 2. Абайдың ақын шәкірттері» – Абай салған мектептің жалғастырушылары – оның ұлдары мен інілері. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу. 3.«Әнді сүйсең, менше сүй» – Абай әндерін орындады.