Халықтың ұлы ақыны — Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында мектебімізде дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
08
апрель
2026

Халықтың ұлы ақыны — Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында мектебімізде дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Халықтың ұлы ақыны — Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында мектебімізде дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сайыс барысында оқушылар 5 кезең бойынша бақ сынасты:
1. «Абайдың асыл мұрасы» — ақын өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқу.
2. Абайдың ақын шәкірттері» – Абай салған мектептің жалғастырушылары – оның ұлдары мен інілері. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу.
3.​«Әнді сүйсең, менше сүй» – Абай әндерін орындады.
4.​«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Жас ақындардың төл туындылары (арнау). Шәкірттеріміз Абай атасына арнаған өз өлеңдерін оқып, ақындық қабілеттерін сынады.
5.​«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан немесе заманауи драматургиядан тест сұрақтары.
Қазылар алқасы оқушылардың шеберлігіне тәнті болып, үздіктерді анықтады. Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!