5-сынып оқушылары Өскемен қаласындағы Этнопаркке экскурсия жасап
Бүгін 5-сынып оқушылары Өскемен қаласындағы Этнопаркке экскурсия жасап қайтты. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды Қазақстанда өмір сүретін түрлі халықтардың мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен және ұлттық дәстүрлерімен таныстыру болды. Экскурсия барысында оқушылар грузин, украин, татар, корей, қазақ және басқа да халықтардың дәстүрлі үйлерін көріп, олардың ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Әсіресе ұлттық бұйымдар, көне жәдігерлер мен әр халықтың тұрмыс салты балалардың қызығушылығын