18 наурыз – Ұлттық киім күні
Мектеп-лицей әкімшілігі “Ұлттық киім – ұлттық рух” атты челленджге белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты. Әрбір ұлттық киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, тарих пен мәдениеттің айнасы. Осындай игі бастамалар арқылы біз жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, салт-дәстүрімізді жаңғырта түсеміз.