Тәрбие жұмысы » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау тренингі.
13
май
2026
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау тренингі.
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау тренингі. Мақсаты – бітіруші түлектердің психологиялық көңіл-күйін көтеру, эмоционалдық қолдау көрсету, сенімділігін арттыру және емтихан алдындағы қобалжуды төмендету
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру мақсатын алға қойып, өз үлестерін қосты.
13
май
2026
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру мақсатын алға қойып, өз үлестерін қосты. Біз мектептен тек білім ғана алған жоқпыз, өмір сүруді үйрендік. Кейбір адамдар артында сөз қалдырады, кейбірі — естелік. Ал, біз - тамыр қалдырғымыз келді. Бәлкім, жылдар өте біз өзгерерміз. Бірақ осы ағаштар біздің жастығымызды ұмытпайды. Түлектер кетеді. Бірақ із қалады.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық сайыс өткізілді.
11
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық
Мектебімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери тәртіпке баулу және салауатты өмір салтын насихаттау. Сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өз күштерін сынады. Атап айтқанда, саптық дайындық, әскери эстафета және күш пен ептілікті қажет ететін тапсырмалар орындалды. Жарыс өте тартысты өтті. Қатысушылар ұйымшылдық танытып, жылдамдық пен төзімділіктерін
Пікірсайыс алаңында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеген Ерланқызы Айханым мен Мерсалихова Аруна “PARASAT CUP VII” республикалық турнирінде жастар алаңының финалистері атанды!
11
май
2026
Пікірсайыс алаңында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары
🏆 Лицей мақтаныштары! Пікірсайыс алаңында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеген Ерланқызы Айханым мен Мерсалихова Аруна “PARASAT CUP VII” республикалық турнирінде жастар алаңының финалистері атанды! Еліміздің әр өңірінен жиналған мықты пікірсайысшылар арасында суырылып шығып, финалға дейін жету — үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Айханым мен Аруна өздерінің логикалық ойлауымен, терең талдауымен және сахна мәдениетімен лицей намысын абыроймен қорғады. Жас
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
08
май
2026
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, соғыс ардагерлерінің ерлігіне тағзым жасалды. Майданда қаза тапқан батырлар рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Іс-шара өте әсерлі әрі тағылымды өтті. Оқушылар батыр бабалардың ерлігін құрметтеп, бейбіт өмірдің қадірін терең сезінді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
6-сыныптарда «Отан үшін от кешкендер»тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
06
май
2026
6-сыныптарда «Отан үшін от кешкендер»тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
6-сыныптарда «Отан үшін от кешкендер»тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағаты оқушыларды тарихымыздағы өшпес ерліктермен таныстыруға және бүгінгі бейбіт күннің қалай келгенін ұғындыруға бағытталды. Шара барысында батыр бабаларымыздан бастап, бүгінгі күннің қаһармандарына дейінгі ерлік жолдары сараланды.
2-сынып оқушылары үшін өткізілген «Менің елім — менің мақтанышым» атты тәрбие сағаты жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру негізі мақсаты болды.
06
май
2026
2-сынып оқушылары үшін өткізілген «Менің елім — менің мақтанышым»
2-сынып оқушылары үшін өткізілген «Менің елім — менің мақтанышым» атты тәрбие сағаты жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру негізі мақсаты болды. Шара соңында сынып жетекшісі оқушыларды мерекемен құттықтап, оларға бейбіт аспан, жарқын болашақ тіледі. Бұл күн балалардың есінде тек мереке ретінде емес, елге деген сүйіспеншіліктің алғашқы үлкен сабағы ретінде қалды.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 10-сыныптарда “Мен болашақ сарбазбын” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
06
май
2026
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 10-сыныптарда “Мен болашақ
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 10-сыныптарда “Мен болашақ сарбазбын” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ерлік пен батылдықты дәріптеу және оқушылардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру болды.