11
май
2026
Пікірсайыс алаңында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеген Ерланқызы Айханым мен Мерсалихова Аруна “PARASAT CUP VII” республикалық турнирінде жастар алаңының финалистері атанды!

🏆 Лицей мақтаныштары!
Пікірсайыс алаңында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеген Ерланқызы Айханым мен Мерсалихова Аруна “PARASAT CUP VII” республикалық турнирінде жастар алаңының финалистері атанды!
Еліміздің әр өңірінен жиналған мықты пікірсайысшылар арасында суырылып шығып, финалға дейін жету — үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Айханым мен Аруна өздерінің логикалық ойлауымен, терең талдауымен және сахна мәдениетімен лицей намысын абыроймен қорғады.
Жас пікірсайысшыларымызды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз! ✨
