06
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә” сынып оқушылары Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқу ордасына арнайы кездесуге барып қайтты.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә” сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Қ., О. Жилкибаева , А. Жумаханова Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқу ордасына арнайы кездесуге барып қайтты.
Кездесу барысында мектеп-лицей ұстаздары мен оқушылары саптық дайындық жұмыстарын көрсетіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, оқушыларымызға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, музейлерін тамашалау мүмкіндігі берілді.
Осындай тағылымы мол кездесуден оқушыларымыз ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Әскери тәртіп пен патриоттық тәрбиені насихаттап жүрген Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты ұжымына және оқушыларына шексіз алғысымызды білдіреміз!
Ел қорғаны болар жас ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! 🇰🇿
