13
апрель
2026
«Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті

13.04.2026 ж. мектебімізде «Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында жас ұстаздардың шығармашылығы, тың идеялары мен жаңашыл бастамалары көрініс тапты.
Апталықтың басты мақсаты – жас мамандарға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және кәсіби дамуына серпін беру.
Алдағы күндері жас мамандарымыз ашық сабақтар, креативті іс-шаралар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.
📚✨ Жас мамандарға сәттілік тілейміз!
#ЖасМаман #Апталық #Білім #МектепӨмірі #ЖаңашылҰстаз
