«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
15
апрель
2026

«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті


Бүгін мектебімізде «Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті.
Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігін терең түсіндіру болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдады.
Арнайы келген құрметті қонақтарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы құнды мағлұматтар ұсынды. Соның нәтижесінде біз мемлекеттік басқарудың сапасы ел дамуының негізгі кепілі екенін терең түсіндік.
Осындай зияткерлік алаңдар – болашақ көшбасшыларды тәрбиелейтін үлкен мектеп. Бүгінгі белсенді жастар – ертеңгі ел тірегі екені тағы бір мәрте дәлелденді. Барша қонақтарымызға, ұйымдастырушыларға және белсенді қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

#пікірсайыс #жастар #мемлекеттікқызмет #мектепөмірі @elgeqyzmet.abai @elgeqyzmet.gov.kz