22
апрель
2026
«Бірлестіктің бір күні» шарасы аясында мектебімізде ерекше шығармашылық кеш өтті


«Бірлестіктің бір күні» шарасы аясында мектебімізде ерекше шығармашылық кеш өтті. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған «Түрлі-түсті мектеп өмірі» атты қойылымы көрерменге тек көтеріңкі көңіл-күй емес, терең ой салды. Бұл қойылым жай ғана мектеп өмірінің көрінісі емес, ол – «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясындағы құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі.
Мұндай іс-шаралар ұстаздардың біртұтас ұжым екенін дәлелдеп қана қоймай, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ мақсатқа жұмылдыра түседі.
