23
апрель
2026
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін даярлау бағдарламасының негізінде Шәкәрім атындағы университеттің 4-курс студеттерінің өндірістік іс-тәжірибесін қорытындылау конференциясы өткізілді.

Мектеп-лицейімізде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін даярлау бағдарламасының негізінде Шәкәрім атындағы университеттің 4-курс студеттерінің өндірістік іс-тәжірибесін қорытындылау конференциясы өткізілді. Студенттердің мектептегі педагогикалық практикасын қорытындылау конференциясы – кәсіби дамудың маңызды кезеңі. Бұл жиында студенттер өз тәжірибесімен бөлісіп, жетістіктері мен қиындықтарын талдады, болашақ маман ретінде өз-өзін бағалауға мүмкіндік алды. Ұстаздық тәжірибеде бағыт-бағдар беріп кәсіби жетілуге жетелеген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне алғыстарын білдірді.
