23
апрель
2026
Бүгін мектеп-лицей ауласында 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында “Таза бейсенбі” акциясы өтті.
Бүгін мектеп-лицей ауласында 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында “Таза бейсенбі” акциясы өтті. Оқушылар тазалыққа қажетті құрал-жабдықтарын ала келіп, үлкен белсенділік танытты. Бірлесе жұмыс жасау арқылы мектеп ауласын қоқыстан тазартып, айналаның көркеюіне өз үлестерін қосты.Тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі іс-шаралар оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, жауапкершілікке тәрбиелейді.
#тазақазақстан #тазабейсенбі #қамқоржобасы
