Өзбекстан Республикасының шыршық қаласында өткен халықаралық "VATANPARVARLAR" әскери-спорттық жарысында Қазақстан намысын қорғады. » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
27
апрель
2026

Өзбекстан Республикасының шыршық қаласында өткен халықаралық "VATANPARVARLAR" әскери-спорттық жарысында Қазақстан намысын қорғады.


Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштері жанындағы Әскери қауіпсіздік және қорғаныс университетінің Құрлық әскерлері институтында «Ватан таянчи» қозғалысы мүшелері мен шетелден келген бітіруші жастардың қатысуымен «Ватанпарварлар» атты халықаралық әскери-спорттық жарыстың ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қарулы Күштердің Орталық ән-би ансамблі және белгілі өнер шеберлері ұлттық және шығыс стиліндегі әуендерден тұратын әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар, театр әртістері мен әскери қызметшілер дайындаған көрнекі қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше әсер қалдырды.
Жарысқа қатысушы Қазақстан құрамасы — «Абай Қырандары» әскери-патриоттық клубы алғашқы күннен-ақ жоғары нәтиже көрсетіп, өздерінің дайындық деңгейі мен мықтылығын дәлелдей білді.
1 орын- Өзбекстан
2 орын -Қазақстан
3 орын -Кыргызстан

Осы жарысқа қатысушылардың қатарында біздің мектебіміздің мақтанышы — 9 «В» сынып оқушысы Әлмұратов Әділ де бар. Ол өз қайсарлығымен және отансүйгіштік рухымен ерекшеленіп, ел намысын қорғауға дайын жас ұрпақтың жарқын өкілі екенін көрсетті. Әділ бұл халықаралық деңгейдегі сайысқа қатысуы — тек өзінің ғана емес, бүкіл мектеп ұжымының зор жетістігі мен мақтанышы. Осындай биік белестерді бағындырып жүрген жас жеткіншектер — еліміздің болашағының сенімді тірегі екені сөзсіз.