8 «А» сыныбында «Бірлік және ынтымақ» құндылығы негізінде «9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні» тақырбында тәрбие сағаты өткізілді. » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
04
май
2026

8 «А» сыныбында «Бірлік және ынтымақ» құндылығы негізінде «9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні» тақырбында тәрбие сағаты өткізілді.


04.05.2026ж. 8 «А» сыныбында «Бірлік және ынтымақ» құндылығы негізінде «9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні» тақырбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ мақсаты: оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу. 10 минуттық қауіпсіздік сабағында «Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны) тақырып төңірегінде оқушылармен әңгіме жүргізілді. Мақсаты: саяхат кезінде төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге және пайдалы әдеттерді дамытуға үйрету; білім алушыларды өрт, жер сілкінісі, саяхат кезіндегі су тасқыны жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық қағидаларына үйрету. Сонымен қатар ЖЖЕ бойынша «Ілінген қозғалтқышы бар велосипед пен мопед» жөнінде балаларға мағлұмат берілді. Апта дәйексөзі: «Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ».
Сынып жетекшісі: Габдуллина А.А.
#Адал_азамат_Абай_облысы_Семей