ӨЗ УАҚЫТЫН АЯМАЙ, БАСҚАНЫҢ БАҚЫТЫН АЯЛАЙ БІЛГЕН ҰСТАЗДАР
Исалина Кәмаш Өмірбайқызы Алғашында теміржол бекеттерінде тұратын жұмысшылардың балаларын оқытуға арналып 1962 жылы ашылған қаламыздағы №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейіне биыл 60 жыл толды. Міне, осы мектепте ең алғашқы ұстаздық жолын бастап, табан аудармастан көп жылдар бойы жұмыс істеген Исалина Кәмаш Өмірбайқызы біраз жылдар тәжірибе жинақтаған соң еңбек ұжымының мақтанышына айналды. Әрине, мұндай құрметке оның көп ізденетіндігі, әдістемелік шеберлігін жетілдіруі