
17–19 сәуір күндері Абай кітапханасында Тоғызқұмалақтан ардагерлер арасындағы қала чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл сайысқа қаламыздың тәжірибелі, ойы ұшқыр, санасы сергек аға-апаларымыз қатысып, ұлттық ойынға деген шынайы сүйіспеншіліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жарыс барысында қатысушылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, әр жүрісті терең оймен, байсалдылықпен жасады. Осындай бәсекелі додада 70 жас жоғары санатында Таукенов Дарубай аға топ жарып, 1-орынды иеленіп, көпке үлгі боларлық нәтиже көрсетті. Ал 60–69 жас аралығында Татубаева Сәуле Алдабергеновна да қарсыластарына дес бермей, үздік ойын өрнегімен 1-орынды жеңіп алды.
Ардагерлеріміздің бұл жетістігі — тек жеңіс қана емес, ұрпаққа өнеге, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісі. Олардың табандылығы мен зеректігі жас буынға шабыт сыйлап, тоғызқұмалақ өнерінің мәңгілік екендігін дәлелдей түседі.
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлттық ойындарымыздың мәртебесі арта берсін!