05
май
2026
«Жеңістің шыңы – біздің оқушыларымыз» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі кездесу өтті

Мектебімізде Өзбекстан мемлекетінің Шыршық қаласында Әскери қауіпсіздік және қорғаныс университетінің Құрлық әскерлері
институтының базасында Амир -Темірдің 690 жылдығына орай “Ватанпарварлар” Халықаралық әскери -спорттық жарысында командалық есепте қатысып, жүлделі ІІ орын иеленген 9”в” сынып оқушысы Әлмұратов Әділмен және Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті республикалық олимпиадасының жеңімпазы, ІІ орын иегері атанған 10”ә” сынып оқушысы Мерсалихова Арунамен «Жеңістің шыңы – біздің оқушыларымыз» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі кездесу өтті.
Кездесу барысында білім мен өнерде биік жетістіктерге жеткен оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа жету жолындағы еңбектері, қиындықтары мен қызықты сәттері туралы әңгімеледі. Олар өз қатарластарына жігер беріп, алға қойған мақсатқа жетуде табандылықтың маңызын атап өтті.
Шара барысында оқушылар мен қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, түрлі сұрақтарға жауаптар берілді. Кездесу жас буынға мотивация сыйлап, білімге деген қызығушылығын арттыра түсті.
