«Үздік педагог – 2026» мектепішілік байқауы
Мектеп-лицейімізде педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру және озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында дәстүрлі «Үздік педагог – 2026» мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, инновациялық идеялар мен құндылыққа негізделген оқыту үлгілерін қолдау және тарату. Сондай-ақ, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу. Байқаудың міндеттері: • Оқытудың заманауи