Ақпарат » Страница 4 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру мақсатын алға қойып, өз үлестерін қосты.
13
май
2026
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру
11 “ә” сыныбы “Түлектердің ағаш отырғызу челленджін” жалғастыру мақсатын алға қойып, өз үлестерін қосты. Біз мектептен тек білім ғана алған жоқпыз, өмір сүруді үйрендік. Кейбір адамдар артында сөз қалдырады, кейбірі — естелік. Ал, біз - тамыр қалдырғымыз келді. Бәлкім, жылдар өте біз өзгерерміз. Бірақ осы ағаштар біздің жастығымызды ұмытпайды. Түлектер кетеді. Бірақ із қалады.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық сайыс өткізілді.
11
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық
Мектебімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектепішілік әскери-спорттық сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери тәртіпке баулу және салауатты өмір салтын насихаттау. Сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өз күштерін сынады. Атап айтқанда, саптық дайындық, әскери эстафета және күш пен ептілікті қажет ететін тапсырмалар орындалды. Жарыс өте тартысты өтті. Қатысушылар ұйымшылдық танытып, жылдамдық пен төзімділіктерін
Пікірсайыс алаңында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеген Ерланқызы Айханым мен Мерсалихова Аруна “PARASAT CUP VII” республикалық турнирінде жастар алаңының финалистері атанды!
11
май
2026
Пікірсайыс алаңында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары
🏆 Лицей мақтаныштары! Пікірсайыс алаңында өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеген Ерланқызы Айханым мен Мерсалихова Аруна “PARASAT CUP VII” республикалық турнирінде жастар алаңының финалистері атанды! Еліміздің әр өңірінен жиналған мықты пікірсайысшылар арасында суырылып шығып, финалға дейін жету — үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Айханым мен Аруна өздерінің логикалық ойлауымен, терең талдауымен және сахна мәдениетімен лицей намысын абыроймен қорғады. Жас
«ZEIIN» облыстық интеллектуалдық байқауында биология пәні бойынша
11
май
2026
«ZEIIN» облыстық интеллектуалдық байқауында биология пәні бойынша
«АБАЙ ОБЛЫСНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ «ДАРЫНДЫЛЫҚ ПЕН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК «ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫ» КМҚК ұйымдастыруымен өткізілген «ZEIIN» облыстық интеллектуалдық байқауында биология пәні бойынша І Дәрежелі Дипломмен Биборинова Каусар , физика пәні бойынша Дарынқызы Айша, Темірбаева Аяла, Бейсенбаева Аяулы I Дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сынып жетекшісі: Габдуллина А.А.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектеп ұжымының ер азаматтарын мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
08
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектеп ұжымының ер азаматтарын
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектеп ұжымының ер азаматтарын мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектептің дамуына қосып жүрген еңбектері үшін ризашылығымызды, әрдайым абырой биігінен көріне берулеріне тілек білдіреміз!
7 мамыр –Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай 6-сынып оқушыларымен « Ел ертеңі –бүгінгі жас ұлан» атты патриоттық сағат Абай кітапханасымен бірлесе отырып, мектеп-лицей кітапханасында өткізілді.
08
май
2026
7 мамыр –Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай 6-сынып оқушыларымен «
7 мамыр –Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай 6-сынып оқушыларымен « Ел ертеңі –бүгінгі жас ұлан» атты патриоттық сағат Абай кітапханасымен бірлесе отырып, мектеп-лицей кітапханасында өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру,туған жерін,елін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және болашақта елінің дамуына үлес қосатын саналы, жауапты азамат тәрбиелеу. @abai.kitapkhana
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
08
май
2026
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған
7-сынып оқушылары қатысуымен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, соғыс ардагерлерінің ерлігіне тағзым жасалды. Майданда қаза тапқан батырлар рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Іс-шара өте әсерлі әрі тағылымды өтті. Оқушылар батыр бабалардың ерлігін құрметтеп, бейбіт өмірдің қадірін терең сезінді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә” сынып оқушылары Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқу ордасына арнайы кездесуге барып қайтты.
06
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә”
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә” сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Қ., О. Жилкибаева , А. Жумаханова Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқу ордасына арнайы кездесуге барып қайтты. Кездесу барысында мектеп-лицей ұстаздары мен оқушылары саптық дайындық жұмыстарын көрсетіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, оқушыларымызға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, музейлерін тамашалау мүмкіндігі берілді.